$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Техаста су тасқыны салдарынан 27 адам қаза тапты, оның тоғызы - бала

AstanaTV
06.07.2025ж. 09:32
155
Техаста су тасқыны салдарынан 27 адам қаза тапты, оның тоғызы - бала

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқыны салдарынан 27 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Олардың ішінде тоғыз бала бар. Бұл туралы Керр округінің шерифі Ларри Лету мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тасқын Техастың орталық бөлігінде орналасқан Керр аймағында орын алған. Табиғи апат салдарынан 800-ден астам адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Қазіргі уақытта құтқару қызметтері жоғалған тұрғындарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Тасқын салдарынан көптеген ғимараттар мен инфрақұрылым нысандары бүлінген. Жергілікті билік 4 шілде күні аймақта төтенше жағдай жариялаған болатын.

Қайтыс болғандар мен із-түссіз кеткендердің арасында Гвадалупе өзенінің жағалауында орналасқан христиан жазғы лагерінің тәрбиеленуші қыздары да бар екені нақтыланды.