Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер, жастаржәне қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Азия Чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстанқұрамасының қоржынына кезекті қола медаль түсті.
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Қайсар Мысырбек жұлқа көтеружаттығуында 98 келіні еңсеріп, қола жүлдеге иеболды. Ал серпе көтеруде 121 келі нәтижеменбесінші орыннан көрінді. Қос сайыс қорытындысыбойынша Қайсар төртінші орынға тұрақтады.
Бұл салмақ санатында Вьетнам құрамасыныңспортшысы Ван Тэ Хунг абсолютті көшбасшыатанып, жаңа Азия рекордын жаңартты: жұлқакөтеру – 105 келі, серпе көтеру – 137 келі, қоссайыс – 235 келі.
Сол күні A тобы аясында қазақстандық тағы екіспортшы – Нұрсезім Абатқызы (53 кг дейін) мен Алишер Тұрғанбай (60 кг дейін) де өзшеберліктерін көрсетті. Екеуі де жақсы нәтижекөрсеткенімен, жүлдеден сәл ғана қалып, төртіншіорынмен шектелді.
Астанадағы Qazaqstan спорт кешеніндежарыстар қызып жатқан сәтте, қаланың қақортасындағы «Бәйтерек» монументі жанындақазақстандық спортшыларды қолдау мақсатындаәсерлі күш шоуы ұйымдастырылды.
Шараның басты қаһарманы – төрт дүркін әлемрекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабына енген, Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников болды. Ол цифрлық динамометр мен қуатты эспандермен жұмыс жасап, шоудыңшарықтау сәтінде атақты қазақ балуаныҚажымұқан Мұңайтпасовтың тарихи трюгінқайталады – 970 келіге дейінгі қысымға төтеп береалатын темір тағаны түзеп жазды.
Цырульниковқа қолдау көрсетуге ауыратлетикадан әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңіргенспорт шеберлері – Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов арнайы келіп, өз құрметтерін білдірді.
Ертең, 6 шілде күні, Қазақстан құрамасыныңспортшылары Азия чемпионатында келесі салмақдәрежелерінде сынға түседі:
• Бейбарыс Ерсейіт – 65 кг (A тобы);
• Ксения Прозорова – 58 кг (A тобы);
• Алихан Әскербай және Ернұр Мырзахмет – 71 кг (A тобы).