$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Бекзад Нұрдәулетов Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды

AstanaTV
06.07.2025ж. 15:10
115
Бекзад Нұрдәулетов Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды.

Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесі үшін Үндістан өкілі Джугнумен қолғап түйістірді.

Бекзад жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші және үшінші раундта жағдай өзгермеді. Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов жеңіске жетті.