Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының сапында өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Астанадағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Джей Брайан Барикуатромен (Филиппин) кездесті.
Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.
Осылайша, күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде алты алтын және бір күміс медаль бар.