Бүгін кешке Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірімнің өз бетімен төмен түсе алмай қалғаны туралы құтқарушыларға хабар түсті. Жартасты аумақта соқпақ жол болмаған. Геолокация берілді, байланыс үзілмеді.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды.
Құтқарушылар жаяу жүріп, координаталар бойынша тауға көтерілді. Тік жартастар мен қауіпсіз маршруттың болмауы арнайы альпинистік құралдарды қолдануды қажет етті.
2007 ж. т. екі жасөспірім ұл мен 2008 ж.т. бір қыз табылып, жағдайлары тексерілді. Медициналық көмек қажет болмады. Альпинистік арқандардың көмегімен олар қауіпсіз жерге түсірілді.
Кейін барлығы құтқару постына жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.