$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Оқыс оқиға: Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлап кетті

AstanaTV
07.07.2025ж. 12:14
141
Оқыс оқиға: Алматы әуежайында баланың үстіне әйнек құлап кетті
Фото: әлеуметтік желі

Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлаған. Әйнектің сынығы баланың маңдайына тиді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқуға куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста. Оқыс жағдай 4 шілде күін Алматы-Шымкент рейсін күтіп тұрғанда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын жаққа қарай жүгіргенін және витражды қорғауды байқамай қалғанын мәлімдеді.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін, сондай-ақ жедел жәрдемді шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.