$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Перизат Қайрат туған күнін түрмеде қарсы алды

AstanaTV
07.07.2025ж. 14:17
142
Перизат Қайрат туған күнін түрмеде қарсы алды
Фото: әлеуметтік желі

3,5 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен тергеліп жатқан белгілі белсенді әрі кәсіпкер Перизат Қайрат 34 жасын тергеу изоляторында қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бір кездері жарқыраған бриллианттары мен бренд киімдерімен жұртқа танылған Перизат былтыр ғана Англиядағы Кембридж университетінің магистратурасына түскенін жариялап, көп өтпей ұсталған еді.

Прокуратураның мәліметінше, ол мүгедек балаларға, табиғи апаттар мен соғыс зардабын тартқандарға көмектесу ниетімен ақша жинап, 3,5 млрд теңгеден астам қаражатты жеке пайдасына жұмсаған. Қылмыстық іске Перизат Қайратпен бірге оның анасы Ғайни Алашбаева да тартылған. Қазіргі уақытта олардың ісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданғанымен, алғашқы сот отырысының уақыты әзірге белгісіз.