$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстандық актер халықаралық кинофестивальде үздік атанды

AstanaTV
08.07.2025ж. 07:36
152
Қазақстандық актер халықаралық кинофестивальде үздік атанды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қытайдың Чунцин қаласында өткен беделді кинофестивальде Бақыт Қажыбаевтың рөлі жоғары бағаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 шілде күні Қытайдың Чунцин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі салтанатты түрде жабылды. Байқауға қатысқан қазақстандық фильмдердің бірі – «Набат операциясы» – көрерменнің де, қазылардың да көңілінен шықты. Аталған фильмдегі басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев «Үздік актер» аталымына лайық деп танылды.