Әзілкеш Елдос "Колобок" кеше сәбилі болатынын сүйіншіледі. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл отбасыға қалай қолдау көрсеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Мен ғана емес, халық болып бұл күнді жылдар бойы асыға күттік. Алланың мейірімі шексіз! "Мариям" қорының да үлесі зор. Қорымыз жұмысын бастай сала, қарапайым отбасылардан бөлек, бала сүйе алмай жүрген танымал жұптарға да кеңес беріп, көмектескім келді. Өзіміз кішігірім тізім жасаған едік... Ішінде Елдос пен әйелі де болды. Әйеліне өзім жаздым. Байланыстық, бірақ бірден іске кірісе алмадық. Әбден созылып кетті. Себебі оларда бәлкім сенімсіздік те болған шығар... Араға қаншама ай салып өздері байланысқа шықты. Ешкімге көрсетпей, клиниканың артқы есігінен кіргізіп, барынша құпия сақтап, қанша ай отаға, эмбрион тасымалына, жүктілікке дайындалдық. Бірақ өкінішке қарай біріншісі сәтсіз аяқталды. Жаратқанға шүкір осындай қуанышқа мені де себепші қылып қойған", - деді қуанышын жасыра алмаған тележүргізуші.