$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды

AstanaTV
08.07.2025ж. 11:05
127
Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды
Фото: gov.kz

Астанада Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды Astana TV.

Осыған байланысты, 7-12 шілде аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.