$519.58 €609.36 ₽6.63
×

"Еденде жаттық". Ақтау әуежайында жолаушылар шу шығарды

AstanaTV
08.07.2025ж. 11:52
119
"Еденде жаттық". Ақтау әуежайында жолаушылар шу шығарды
Фото: коллаж

Ақтау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының Ақтау – Алматы рейсі жолаушылары ұшқыштың жоқтығына байланысты түнді әуежайда өткізгенін айтып, шағымданды. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлайды.

Ұшқыштың жоқтығынан рейсті күтіп қалған FlyArystan жолаушылары компания тарапынан еш жағдай жасалмағанына шағымданды.

"Алты сағат еденде, чемодандардың үстінде жатырмыз! Қатты суық, көрпе де жоқ, ақпарат та жоқ. Миллиардтаған табыс табатын компания, ал жағдай жертөледегідей!" – деп ашуланды жолаушылардың бірі.

Жолаушылар шу шығарған соң оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған.

FS 7178 Ақтау – Алматы рейсі 6 шілде күні сағат 02:05-те ұшуға тиіс болған, бірақ алдымен 06:45-ке, кейін мүлде 22:30-ға ауыстырылған.

FlyArystan компаниясы өкілдері бұл жағдайды "ұшақтың кеш келуімен" және "өндірістік қажеттілікпен" түсіндіруге тырысты.

Компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға сусындар мен тамақ берілгенін, сондай-ақ 23 адам өздерінің сұрауы бойынша сағат 09:30-дан бастап қонақүйге орналастырылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ақысыз қайта брондау мен билетті толық қайтару ұсынылған.

"Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біз үшін ұшу қауіпсіздігі – басты басымдық", – деп атап өтті FlyArystan компаниясы өкілдері.