$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада туралы ойын айтты

AstanaTV
08.07.2025ж. 12:25
109
Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада туралы ойын айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өз карьерасындағы шешуші финал туралы айтты. Сонымен қатар, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 

Елдос Сметов 2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алды. Шешуші белдесуде қазақстандық спортшыға франциялық дзюдошы қарсылас болды.

Финал жоғары мәртебелі қонақтардың назарында өтті: трибунада Франция президенті Эммануэль Макрон отырды, ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белдесуді онлайн режимде тамашалады.

Олимпиадалық цикл аяқталғаннан кейін Елдос Сметов біраз уақыт үзіліс алған болатын.

"Олимпиададан кейін демалдым. Енді келесі Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадым", - деді Елдос Сметов.