Қызылжарлық
диқандар жаппай септориоз бен тот ауруымен күресіп жатыр. Жоғары ылғалдылықтың
кесірінен былтыр кейбір шаруалар егіннің 30 пайызын жоғалтып алған болатын. Бұл
сценарий қайталанбас үшін Үкімет химиялық өңдеуге 1,9 миллиард теңге бөлген.
Шаруалар биыл да шығынға қалмай ма? Абзал Құрманкин анықтап көрді.
Өткен
жылы толассыз жауған жауын-шашын теріскейлік шаруаларды қапыда қалдырды. 20
жылдан бері жерді өңдеп келе жатқан диқандар егіннің сарғайғанын былтыр алғаш
рет көріпті.
Абзал
Құрманкин, тілші:
Шаруалардың
айтуынша, былтыр мына егін алқабы түгел сарғайып, септириоз ауруына шалдыққан.
Осының кесірінен астықтың үштен бір бөлігі ысырап болды. Биыл диқандар улау
шарасын маусымның басында қолға алды. Олар дерттің асқынуына жол бермей, оны
дер кезінде тұншықтырып тастады.
«Полудинское» серіктестігі жыл сайын мол егінге қол жеткізетін. Былтыр да гектарынан 34 центнер алуды жоспарлаған еді. Алайда, масақтардың сырты бүтін, іші түтін болды.
Былтыр
алқаптардың 30 пайызы дертке шалдықты. Мен ол жерлерде 34 центнердің орнына, 22
центнерден ғана алдым. Биыл аталған ауру 1500 мың гектар аумаққа жайылды.
Елдар
Омаров, диқан:
Біз бұл жерді тыңайтқыштармен екі рет өңдедік. Кеткен шығын ақталады деп ойлаймын.
Үкімет жағдайдан хабардар. Биыл арнайы тыңайтқышқа бөлінген субсидия көлемін 10 есе арттырған.
Наурызбай Мырзабаев, ҚР АШМ СҚО аймақтық инспекциясы өсімдікті қорғау бөлімінің басшысы:
Құзырлы органдар жүргізген сараптама
нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 760 мың гектардың тот және
септириоз ауруына тап болғаны белгілі болды. Оның 470 мыңын, яғни 61 пайызын
мемлекет өзі өңдейді. Ал қалаған жерде диқандар өз қаражатына улауы тиіс.
Барлығы облыс бойынша 35 техника жұмыс істеп жатыр. Оның арасында ұшақтар,
дельтапландар мен тыңайтқышты шашу генераторлары бар.
Тек
солтүстікте емес, дерт Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай
облыстарында кең таралған. Барлығы 2,4 млн гектар жер тот пен септириоз
ауруларына шалдыққан.
Ержан
Айнабеков, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің
төрағасы:
456
мың тот ауруы болса, 1,9 млн гектар септириоз аурулары. Былтыр септириоз, тот
аурулары өте көп көлемде таралған болатын. Бірақ, биыл уақытылы өңдеудің
арқасында ол аурулар бүгінгі күні тоқталды. Бірақ, аз көлемде бар. Дегенмен, ол
жыл сайын болып тұрады барлық астық дақылдарында.
Биыл
билік өкілдері диқандардың жерін тегін өңдеп беріп жатыр. Ал келесі жылдан
бастап субсидиялаудың жаңа жүйесі енгізілмек. Шаруалардың тыңайтқышқа кеткен
шығынының тең жартысын мемлекет өз мойнына алмақ.
А.ҚҰРМАНКИН