$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Ауру малдың етін жеген 19 адам сібір жарасын жұқтырды

AstanaTV
08.07.2025ж. 14:51
114
Ауру малдың етін жеген 19 адам сібір жарасын жұқтырды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Ақмола облысының Атбасар ауданында күйдіргі жұқтырған 19 адамның біреуінің жағдайы – ауыр, деп хабарлайды Astana TV.

Министрдің айтуынша, Атбасар ауданында ауылдан жеті шақырым жерде екі ауылдың малы жайылған. Алдымен жетеуінен, сосын үшеуінен сібір жарасы анықталған.

«Сол жерде сібір жарасының қорымы болған, сол маңайда мал баққан. Барлығы он мал анықталып, өртелді. Дезинфекция жасап, карантин енгіздік. Мал баққан жерді қоршауға алып, шлагбаум қойып, ол жерге бөлек 1 шілдеден карантин енгіздік. Сосын екі ауылда да карантин жарияладық», - деді Сапаров Үкіметте өткен брифингте.