12 жыл бойы қашып жүрген күдікті Дубайда ұсталып, елге қайтарылды. Ол теміртаулық азаматтың екі жағын сындырып қашып кеткен болатын. Күдіктіні Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан алып келіп Қазақстан полициясына тапсырды. Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінген соң ізін суытқан. Енді жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауапқа тартылады.