$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Ауаны ластаған кәсіпорынға 55 миллион теңге айыппұл салынды

08.07.2025ж. 20:00
102
Ауаны ластаған кәсіпорынға 55 миллион теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысында ауаны шамадан тыс шаңдатқан «ГРЭС Топар» ЖШС- не 55 миллион теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын экологиялық талаптарды өрескел бұзған. Аймақтың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы Топар кентінде жүргізілген тексеру барысында кәсіпорынның суару және күл үйінділерінің учаскелерін кезең-кезеңмен құрғату кезінде экологиялық талаптарды сақтамағанын анықтады. Салдарынан ауаның шамадан тыс шаңданған. Экология департаменті де бұл деректерді растаған.

АРДАҚ ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Күл үйіндісін рекультивациялау қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілгені анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша “ГРЭС Топарға” 55 млн теңге айыппұл салынды. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуын және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды қадағалауды жалғастырады.