$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Атырау қаласынан табылды

AstanaTV
21.07.2017ж. 20:00
4632
Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Атырау қаласынан табылды

Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Атырау қаласынан табылды. Сергей Пыхалов көрші шаһарға жол жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен жеткен сыңайлы.

Қашқын сарбазды Атыраудағы әскери полиция өкілдері қолға түсірген. 21 жастағы қарағандылық жігіттің бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Тергеу-тексеру  жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, қатардағы сарбаз Пыхалов осыдан 8 күн бұрын емханаға денсаулығын тексерту үшін барған кезде қашып кеткен. Әскер қатарына 1,5 ай бұрын қабылданғаны белгілі болды. Қаладағы 66\56 әскери бөлімі комадирінің орынбасары қазір оны Атыраудан алып келу мәселесі қаралып жатқанын айтты.