$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Абай Бегейдің қызы марқұм болған анасын еске алып, көз жасына ерік берді

AstanaTV
08.07.2025ж. 22:17
147
Абай Бегейдің қызы марқұм болған анасын еске алып, көз жасына ерік берді
Фото: видеодан скриншот

Жақында ғана басы дауға қалған әнші Абай Бегейдің қызы өмірден өткен анасын еске алып, көз жасына ерік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сымбат Абайқызының жазбасына қарасақ, анасының бақилық болғанына биыл 10 жыл толған. 

"Мама, бүгін сенсіз өткен оныншы жылым... Сені қатты сағындым. Саған ешкім тең емес… Сен берердей жылуға ешкім тең келмейді… Анасымен бірге жүрген адамдарға қатты қызыға қараймын... Жылаймын, ойлаймын, сағынамын күні-түні... Сенің келмейтініңді біле тұра... Ешкімге көрсетпеуге тырысамын.
Кейде өзіңді бір құшақтағым келеді... 10 секунд болса да, осы өткен сенсіз 10 жылым сол бір құшақты талап етеді, мам...
Сен маған керексің. Сенсіз қиын маған бұл әлемде. Дем алу да, күліп жүру де. Мама, мені ешкім ренжітпейді. Қасымда қорғаным әкем, жұбанышым күйеуім, жақындарым бар. Еш уайымдама. Өмір болғаннан кейін бәріміз мәңгі емеспіз, Аллаға қайтушымыз. Жәннәти болшы анашым, Алладан сұраймын", – деп жазды ол.