$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Оралда жаңа ықшамаудан салынып жатыр

08.07.2025ж. 20:00
57
Оралда жаңа ықшамаудан салынып жатыр

Оралда "Ақжайық" деп аталатын жаңа ықшамаудан салынып жатыр. Құрылысы 2021 жылы басталған жаңа мекенге 50 мың адамды қоныстандыру жоспарланған. Бүгін Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов осы аумақтағы құрылыс қарқынымен танысып, өз бағасын берді. Былтыр мұнда 8 көпқабатты үй салынып, 400-ге тарта мұқтаж отбасы баспанамен қамтылған. Қазір 370 пәтерлік 3 үйге құжат қабылданып жатыр. Сонымен қатар тағы екі үй салынады. Жалғыз үйі апатты деп танылған отбасылар да осында қоныстандырылмақ. Ықшамауданға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіліп, жаңадан кәріз стансасы салыныпты. Бұл ауқымды жоба Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеріп, баспанамен қамту туралы тапсырмасына сай жүзеге асырылып жатыр.

БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президентіміздің тапсырмасыменен үкіметіміз көптеген іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Қашан да, қай уақытта да алда тұратын сұрақ, ол - халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осыған байланысты көз алдымыздағы іс-шараның көрінісі. Жақсы мөлтекаудан салынып жатыр екен, жаңа жоспарлармен таныстық. Тұрғын үймен қатар ол жерде балабақша, мектеп, денсаулық сақтау орындары болуы тиіс. Барлығы қаралған. Кезінде жүзеге асатын болады.