$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Қазақстандық медианарықта микродрама жанры бастау алды

08.07.2025ж. 20:00
52
Қазақстандық медианарықта микродрама жанры бастау алды

Қазақстандық медианарықта жаңа кезең бастау алды. Енді отандық көрермен мен контент жасаушылар микродрама жанрымен жақын танысады. Алматыда Salem Entertainment компаниясы ұйымдастырған таныстырылымда микродраманың ерекшелігі мен болашағы кеңінен таныстырылды. Шара аясында шетелдік сарапшылар мен отандық продюсерлердің қатысуымен шеберлік сағаттары өтіп, бұл форматты тарату және монетизациялау жолдары жан-жақты талқыланды.

АЛТЫНБЕК ҚЫРЫҚБАЕВ, SALEM ENTERTAINMENT КРЕАТИВТІ ПРОДЮСЕРІ:

Жаңадан келген формат, жанр микродрама деген. Ол Азияда, Қытайда, Кореяда және Еуропа, Америкада жаңадан шығып жатқан жанр. Ол вертикалды түрде түсіріледі. Қазір бізде Қазақстанда соның басталуы.

Микродрама – қысқа форматтағы сериал. Әр эпизод орта есеппен екі минутқа ғана созылады. Мұндай контент смартфонға бейімделген. Арнайы дайындалған жобалар 10 күн ішінде түсіріліп, көрерменге жол тартады. Шығын аз, нәтиже – жоғары.

ИГОРЬ ЦАЙ, SALEM ENTERTAINMENT ДИРЕКТОРЫ:

Бұл форматтың, бұл технологияның басты артықшылығы – кез келген адамның табысты микродрама жасаушы бола алатынында. Бүгін біз осы жайында ресми түрде жариялап, микродрама жасағысы келетін кез келген адамға нақты құралдар мен бағыт-бағдар ұсынғымыз келеді. Продюсер болғысы келетінге де, актер болғысы келетінге де мүмкіндік ашық. Менің мақсатым– күн сайын жаңа шығарылым ұсынып, жылына 365 микродрама түсіру.