$519.58 €609.36 ₽6.63
×

«Таза Қазақстан»: Ақтауда ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Ақтауда ауқымды сенбілік өтті

Астана күніне орай, Ақтауда ауқымды сенбілік өтті. «Таза Қазақстан» экоакциясына облыс әкімі, Сенат пен Мәжілістің депутаттары қатысты. Тазалық шарасына барлық мемлекеттік қызметшілер де атсалысты. Жағалауда киіз үйлер тігіліп, шай мен тәттілер ұсынылды.

Бұл сенбілік бұрынғыдан өзгерек болды. Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экоакциясы қатысушыларымен есте қалды. Тазалық шарасына 600-ден астам адам қатысып, 15 техника жұмылдырылды.

АҚБІЛЕК ӨТЕГЕНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сенбілік барысында 15 шағын ауданнан бастап 7 шағын ауданға дейінгі аралықта теңіздің жағасын бойлайсанитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. 15 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 100 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» аясында жүргізіліп жатыр.барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылған.

Сенбілік кезінде облыс әкіміне қоқыс үйінділерінің жағдайы туралы баяндалды. Мамандардың айтуынша, былтыр облыста заңсыз қоқыс шығарылған 68 орын тіркелген.

НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мынаны тазалау үшін бізге тағы бір жарым ай керек болады. Оны тазалау үшін құрылыс компанияларына барып жігіттер көлік сұрайды, жұмыс күшін сұрайды. Біреуден дизель сұрайды, сөйтіп жүреді акиматтың жігіттері.

Аймақ басшысы қоқысты заңсыз тастайтындарға жазаны күшейту қажет екенін ескертті. Ол үшін полигон маңайларына бейнекамералар орнатып, түнделетіп қоқыс төгетін көліктерді айыппұл тұрағына қамау қажет, деді. Сондай-ақ Нұрдәулет Қилыбай экологиялық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.