$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Астанада ерекше балалар футбол лигасында өнер көрсетті

Астанада ерекше балалар футбол лигасында өнер көрсетті

Астанада ерекше балалар футболдан жолдастық кездесу өткізді. Қала күніне орай ұйымдастырылған шарада Астана мен Қарағанды командалары бақ сынады. Мақсат – ерекше балалардың тұрақты дене белсенділігін арттыру, олардың әлеуметтенуіне қауіпсіз, әрі қолдау танытатын орта құру. Алғашқы инклюзивті футбол матчы UNI Football League жобасы аясында өтті. Жоба Bolashak Charity қоғамдық қорының бастамасымен, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асуда. Жобаның серіктесі – Испания Корольдігінің Елшілігі.

ШЫҢҒЫС ТЕМІРХАНОВ, UNI FOOTBALL LEAGUE ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазір лигада Қазақстан бойынша 9 команда бар. Онда 115 бала жаттығып келеді. Жобаға басқа да қалалар қызығушылық танытуда. Биыл қыркүйек айында республикалық турнир өткіземіз. Бұл жарыста біздің 9 командамен қатар тағы бірнеше қаланың топтары өнер көрсетеді. Жалпы жоба Даун синдромы, аутизм секілді ерекшеліктері бар балалардың қоғаммен араласуына зор ықпал етеді.

АЙНҰР АЖДАНОВА, АТА-АНА:

Біз осы жобаға 2 жылдан бері қатысып келеміз. Осы жоба арқылы балам көп нәрсе үйренді. Осы футбол баламның денсаулығына тек жақсы әсер етті. Сонымен қатар осы жерден өз достарын тауып, ең негізгісі қоғамда өз орнын тапты деп ойлаймын.