$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Астанада үстел теннисінен ашық турнир өтті

08.07.2025ж. 20:00
107
Астанада үстел теннисінен ашық турнир өтті

Астанада үстел теннисінен ашық турнир өтті. Екі күнге созылған жарыс Елорда күніне арналды. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен  келген жас спортшылар бақ сынады. Тартысты өткен бәсекеде күтпеген нәтижелер тіркелді. Теннисшілер шеберліктерін шыңдады.

МАНАС ТҰРДЫҒОЖАЕВ, ЖАС ТЕННИСШІ:

Үстел теннисімен айналысып жүргеніме 10 жыл болды. Яғни, төрт жасымнан бастап осы спортқа қызығып келемін. Турнир өте тартысты өтті. Өзім Қарағанды қаласынан келдім. Мұндағы қатысушылардың бәрі өте мықты, әр ойында нағыз бәсекелестік байқалады.