$519.58 €609.36 ₽6.63
×

«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы бастау алды

08.07.2025ж. 20:00
111
«AMANAT» партиясының қолдауымен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы бастау алды

«Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов лагердің «Бір толқында» диалог алаңының жұмысына қатысты. Ол жастардың рөлін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген үш басты құндылық – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық жаңа буынның негізін қалауы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, жұмысшы жастарды қолдау мақсатында «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының басталатынын хабарлады. Жоба аясында жастарды баспанамен қамтамасыз ету және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері шешімін таппақ.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Адал азамат қашан да абыройлы, адал азамат ол - қашан да бағалы. Бұл - мемлекет басшысының басты тұжырымдамасы. Осыны ескеріп президент 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар" жылы деп жариялағанын өздеріңіз білесіздер. Осы ретте, AMANAT партиясы "Жұмысшы жастар аманаты" деген жаңа жобаны біз бастайын деп отырмыз. Мақсаты - жұмысшы жастардың әлеуметтік мәселесін шешуге ықпал ету. Аз сөйлеп,  көп іс тындыратын да осы біздің жұмысшы жастар. Сондықтан біз тікелей осы жұмысшы жастармен жұмыс істеуіміз керек.