$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Көпбалалы әкеге қандай жеңілдік бар?»: әнші Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығын айтты

AstanaTV
09.07.2025ж. 10:13
95
«Көпбалалы әкеге қандай жеңілдік бар?»: әнші Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Айқын Төлепберген отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Жаратқанның ерекше сыйы»

Жаным @zhuldyzomirgali_official

Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын!

П.с. Айтпақшы, көпбалалы әкеге қандай жеңілдіктер бар мемлекетімізден? Тегін жолақы, ақшалай төлем))... дегендей, – деп жазды әнші.