$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

AstanaTV
09.07.2025ж. 11:52
108
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарды.

Биыл көрмеге 17 елдің ресми өкілдері мен бизнес қоғамдастығы қатысты.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде 11 000-нан астам ұйымдар мен компаниялардың қатысуымен 100-ден астам іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Панельдік сессия басталар алдында делегация басшылары Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының Ұлттық экспозицияларымен, серіктес ел Сауд Арабиясының стендімен танысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық экспозициясында металлургия мен машина жасауды қоса алғанда, ауыр өнеркәсіптен бастап халық тұтынатын тауарлар өндірісіне дейінгі салаларды қамтитын 12 жетекші кәсіпорын ұсынылған.

Стратегиялық сессияның басты тақырыбы – «Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс».

Роман Скляр өз сөзінде Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің негізгі жетістіктері мен болашақтағы даму перспективалары туралы айтты. Сонымен қатар басқа да елдермен әріптестік қарым-қатынас орнатудың, кооперациялық жобаларды жүзеге асырудың және инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті.