Румыния
алдағы 5-7 жыл аралығында баламалы энергия көзін 70 пайызға арттырмақ ниетте.
Қазірдің өзінде аталмыш елде табиғи энергия көзінің үлес салмағы 45 пайызға
жақын. Бұл туралы бүгін ЭКСПО көрмесі аясында өткен Румынияның ұлттық күнінде
айтылды. Жалпы қазір қос ел арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді.
Бүгінгі айтулы шарада, келген қонақтарға негізі Қарағанды қаласында қаланған
«Дакия» халық билері ансамблі өнер көрсетті. Мұнан өзге осы елдің танымал
жұлдызы Георге Замфир Астанаға арнайы ат
басын тіреген. Бірнеше фильмнің саунтрегіне айналған белгілі «Жапандағы жалғыз
бақташы» туындысы ЭКСПО алаңында да шырқалды.