$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Трамп Доллардан бас тартқандардың сазайын тарттырады

09.07.2025ж. 20:00
43
Трамп Доллардан бас тартқандардың сазайын тарттырады

Техастағы алапат су тасқынынан қаза болғандардың саны 109-ға жетті. 160 адам іс-үссіз жоғалған. Оларды табу мүмкін болмай тұр, - дейді штат губернаторы. Трамп, болса АҚШ долларына қарсы шыққан елдерге адам сенгісіз тарифтер саламын, - деп қорқытты. Әйтпеген жағдайда соғыста жеңілгенмен тең екенін айтуда. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп үнсіз қалды. Демалыс күндері басталған су тасқынына байланысты апат аймағына бармады. Ешттеңе деп, көңіл айтпады деген сынға қалды. Алайда, АҚШ Президенті штаттың Керр аумағында Төтенше жағдай режимін енгізіп, табиғи апат аймағы деп жариялады. Штат губернаторы – Грег Эботтың айтуынша, барлық күш жұмылдырылғанымен, іс-түссіз жоғалған жандарды табу мүмкін болмай тұр.

ГРЕГ ЭБОТТ, ТЕХАС ШТАТЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

Бір ғана Керр округінде 161 адам іс-түссіз жоғалған. Біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Апат салдарымен күресті тоқтатпаймыз. Бірақ, кейбір аумақтарға жер бетімен жете алмай отырмыз. Тек тікұшақпен ғана айналуға мәжбүрміз. Судың қарқыны әлі де қатты. Бірақ, бүкіл адамды таппайынша тыншымаймыз.

Доллардан бас тартқандар жауап береді. Трамп бүкіл әлемге ескерту жасады. Халықаралық сауда-саттықта өзара Ұлттық валюталарын қолданған елдерге қарсы сұрапыл санкциялар саламын, - деп сес көрсетті. Доллардың ықпалы мен құнынан айырылған, соғыста жеңілгенмен тең, - дейді АҚШ Президенті.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бірінші болып, БРИКС елдері осындай бастама көтеріп отыр екен. Мен де олардың бастаған ойындарын ойнай аламын. Олардың барлық тауарларына бір сәтте 10 пайыз БАЖ салығын қоса саламын. Қазір бірнеше агрессивті ел долларға қарсы әрекет етіп жатыр. Мен оларға жай ғана қарап отыра береді десе, қателеседі. Доллардан айырылу дегеніміз – Үшінші Дүниежүзілік соғыста жеңілгенмен бірдей. Оның салдарын әр адам өзі елестетіп көрсін. Сондықтан, мен бізге қарсы шыққандардың сазайын тарттыруға мәжбүр боламын.

Израиль мен Газа секторы татуласуы мүмкін. Әзірге ресми айтылып жатқан жоқ. Алайда, батыс басылымдарына жасырын түрде сұхбат берген израильдік шенеуніктер келісім 85-90 пайызға дайын екендерін айтуда. Бұл Трамп пен Израиль Премьер-министрі – Биньямин Нетаньяхудың жеке кездесуінің арқасында мүмкін болмақ.