$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Тараздың іргесіндегі бірнеше елдімекен ауыз судың азабын тартып отыр

AstanaTV
09.07.2025ж. 20:00
72
Тараздың іргесіндегі бірнеше елдімекен ауыз судың азабын тартып отыр

Тараз қаласының іргесіндегі бірнеше елдімекен ауыз судың азабын тартып отыр. Құжат бойынша Бектөбе мен Қызылшарық ауылы қала құрамына енген. Алайда ауыз су жүргізу жұмыстары бітпейінше, қала статусын ала алмайды, дейді шенеуніктер. Су сұрап көшеге шыққан жұрт шу шығаруда. Тұрғындармен аймақтағы тілшіміз тілдесіп қайтты.

Екі ауылдың халқы ауыз су сұрағанына 20 жыл болды. Қазір ауыз су тарту жұмыстарының тұралап қалғанына 4 айдан асты. Сәуір айында аяқталуы тиіс жұмыс көпшіліктің қитығына тиіп тұр. Қазір тұрғындар суды құдықтан тасып ішіп отыр. Қағаз жүзінде біткен жұмыстың іс жүзінде әлі ауы мен бауы көп. Сондықтан бұқара аймақ басшысы бұл істі бақылауына алса, дейді.

ЗЫТУЛА РАЙЫМБЕРДИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Былай шынына келгенде мұның бәрі өтірік сөз. Көріп тұрсыздар өздеріңіз, ешқандай ауыл бойынша Бектөбе, Қызылшарық болсын бір адам болсын су ішіп жатқан жоқ. Ойларына келгенін істеп кетті. Өзіміз қолымызбен тегістедік. Қанша алдына бардық.

ҚАРАСАЙ КӘРІМОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Тәжірбиесіз қалай болса солай салынған. Әр шлангасы сыртта жатыр. Қойылған нелері қалпақтарығо ана олардың бәрі сынып жатыр. Сапасы жоқ. Қазірдің өзінде сынып жатыр.

МӘДІШЕР АБДУЛЛИН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қалаға кіріп тұрған ауылмыз, бірақ жетім қалған ауылмыз. +Құрметті Жамбыл облысының әкімі сіздерден сұранатынымыз. Осы тірліктерің қағаз жүзінде бітсе, енді іс жүзінде бітірулеріңізді сұранамыз.

Жамбыл ауданының билігі бар кінәні мердегерге жауып отыр. Айтуыларынша, жобаның кем-кетігін түзеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

МАҚСАТ ҮСЕМБАЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда жұмыстар толығымен 97 пайыз бітіп тұр. Қазіргі таңда Бектөбе мен Қызылшарық ауылының суды қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қалған қаржысының бәрі толығымен осы айда беріледі.

Жауаптылар екі ауылға су тамыз айына дейін барады деп уәде берді. Ал, мердігер су жүйесін 5 жылға дейін күтіп-баптауға міндеттелетін мерзімі барын айтты.