$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жыл басынан бері 11 мың интернет алаяқтық тіркелді

09.07.2025ж. 20:00
73
Жыл басынан бері 11 мың интернет алаяқтық тіркелді

Жыл басынан бері 11мың интернет алаяқтық тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты. Тәртіп сақшылары 74 сим-бокс құрылғысы мен 88 мыңнан астам тіркелмеген сим-карта тәркілеген. Бұл деректерге қатысты 30 адам ұсталды, оның ішінде 14-і – шетел азаматтары. Интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу нәтижесінде заңға қайшы мазмұндағы 59 мың интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды. Жыл басынан бері 870 адам интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «Антифрод-орталығы» мен банктердің ортақ күш-жігерінің арқасында 2,6 млрд теңге ұрланудан сақталып, алаяқтардың жолы кесілді.

ЖАНДОС СҮЙІНБАЙ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасалуда, олармен тікелей байланыстар мен жедел ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында біз Арменияда бірлескен операция өткіздік, онда Еуропа мен ТМД елдерінің тұрғындарын алдап келген алаяқтардың екі call-орталығының көзін жойдық.