$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қарағандыда жасөспірімдер құрылыс алаңынан қымбат құрылғыларды ұрлап кетті

AstanaTV
09.07.2025ж. 17:11
77
Қарағандыда жасөспірімдер құрылыс алаңынан қымбат құрылғыларды ұрлап кетті

Қарағанды қаласында кәмелетке толмаған екі жасөспірім құрылыс нысанынан қымбат құрылыс құралдарын ұрлап кетті. Олар көп ұзамай полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

48 жастағы қала тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне арыз түсіріп, салынып жатқан үйінен перфоратор, «болгарка» және құрылыс деңгейі ұрланғанын хабарлаған. Жалпы келтірілген залал көлемі – 140 000 теңге.

Оқиға кезінде көршілердің бірі күдіктілердің қашып бара жатқан сәтін смартфон камерасына түсіріп, фотосуретті тәртіп сақшыларына айғақ ретінде ұсынған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар – 16 және 17 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары. Ұрланған құрылғылар тәркіленіп, айғақ ретінде тіркелді. Тергеу жүріп жатыр, басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция жасөспірімдердің бұл қадамға қалай барғанын және олардың басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті:

«Ата-аналарға балаларының бос уақытын қадағалап, тәртіп пен жауапкершілікке баулуға ерекше мән беруге шақырамыз», – деп мәлімдеді.