$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Ақ Жайық» резерватындағы қамыс өрті қайта тұтанды

09.07.2025ж. 20:00
73
«Ақ Жайық» резерватындағы қамыс өрті қайта тұтанды

Атыраулықтарды алаңдатқан «Ақ Жайық» резерватындағы қамыс өрті қайта тұтанды.  Өткен айда екі апта бойы жалындап, зорға ауыздықталған болатын. Тілсіз жауды уақытында анықтап, дер кезінде өшіру үшін қандай көмек керек? Аймақта жүрген Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов  резерватқа барып, басшылығымен кездесті. Жауаптылардың мәліметінше, ерекше қорғалатын аумақтың материалдық-техникалық базасын жаңғырту үшін тек былтырдың өзінде республикалық бюджеттен 219 млн теңге, жерділікті бюджеттен 461 млн, демеуші компаниямен 41 млн теңге қаражат бөлінген. Ерте анықтау жүйесі үшін 3 мұнара алынған.  Алайда сулы-батпақты аумақ өрт сөндірушілерге кедергісін келтіріп отыр. Мәжілісмен  бұл мәселе бойынша екі мәрте  депутаттық сауал жолдаған. Бірақ әлі күнге шешімін табылмай отырғанына қынжылады.

ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

11 облыста бар дейді. Атырау облысында жоқ. өрт сөндіру тікұшағы. Неге соны алмайды. Сондықтан сондай мәселелер шешілмй тұр әлі де. Осы «Ақ Жайық» резерватын мемлкеттік атқарушы органға беру. Неге десеңіз жергілікті атқарушы орган өзінің қаражатын шешеді, техникасын да шешеді деген мүмкіншілігі бар деп айтып отыр. Бірақ үкімет жергілікті атқарушы орган балансына бермей отыр. Осы ең күрделі мәселе осы болып отыр.