$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Малы қырылған ауылдықтарға кəсіпкерлер көмектесті

AstanaTV
24.07.2017ж. 20:00
2383
Малы қырылған ауылдықтарға кəсіпкерлер көмектесті

Малы пастереллезден қырылған Нұра ауданындағы үш ауылдың тұрғындарына шағын және орта бизнес өкілдері ақшалай көмек көрсеті. Кәсіпкерлер малынан айрылған ауылдықтарға үш миллион теңге жинап берген. Бірақ ақша жинау әлі жалғасып жатыр. Өйткені келген шығын өте үлкен. Әрі пастереллезден өлген малға мемлекет өтемақы төлемейтіні жығылғанға жұдырық болып отыр. Өйткені бұл аурудан қырылған малға мемлекет тарапынан өтемақы төлеу заңнамада қарастырылмаған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, маусым айының басында Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Мыңбаев, Заречное және Тассуат ауылдарында 96 бас мал өлген еді. Облыстық ветеринарлық зертхана бұған пестереллез кеселі кінәлі екендігін анықтады. Бұдан кейін тағы 319 бас мал ауруға шалдықты. Ал жергілікті билік өкілдері ірі қараның өлімі тоқтағанын, әрі ауру малдың еті саудаға түсуі мүмкін еместігін жеткізді. Өйткені өлген мал тәртіпке сай көмілген.

Еркін КАРИН