$540.05 €629.16 ₽6.65
×

«Яндекс Такси» еліміздегі алғашқы салық агенті

«Яндекс Такси» еліміздегі алғашқы салық агенті

«Яндекс Такси» Қазақстандағы алғашқы салық агенті. 2023 жылдың қыркүйегінен бері платформаға 86 мың адам тіркеліп, 4,3 млрд теңге салық төленген. Премьер-министр Олжас Бектенов «Яндекс Global» бас директоры Даниил Шулейко және Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шалекеновпен кездесті. Басқосуда цифрлық сервистерді дамыту, платформалық жұмыспен қамту және технологиялық жобалар сөз болды. Сондай-ақ, жасанды интеллект негізіндегі 1414 байланыс орталығы, жедел жәрдемді картада визуализациялау жобасы және басқа да жаңа бастамалар таныстырылды. Ал премьер-министр бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жауапты ведомстволарға тапсырма берді.