$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстан облысындағы «Лу Бань» шеберханасына барды

Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстан облысындағы «Лу Бань» шеберханасына барды

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар әлеуметтік нысан мен кәсіпорынның жұмысымен танысты. Ол ең әуелі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі «Лу Бань» шеберханасының жұмысын көрді. Бұл оқу орталығында студенттер озық автомобиль технологияларын зерттейді. Олар электромобильдерді жөндеу және пайдалану, көлік ағынын басқарудың цифрлық шешімдерін енгізу бойынша білім алады. Мұнда Қазақстан мен тағы 12 елдің 400-ден астам студенті оқып жатыр. Шеберхана шетелдік жоғары оқу орнының өкілдігі мәртебесінде жұмыс істейді.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Технология дамыған заманда, жасанды интеллект дамыған заманда біздің жастарымыз көштен қалып қоймас үшін, мемлекетіміздегі сол технологияларды дамыту үшін осы «Лу Бань» шеберханасын елімізде тағы да кеңінен таратуымыз керек, осы тәжірибені. Қазір Астанада ашылады. Одан кейін Алматыда ашылады. Қытай мемлекетімен білім саласындағы ынтымақтастық-әріптестіктің нағыз  бір жақсы, жарқын үлгісі. Бұл біздің еліміздің технологиялық-инновациялық болашағына жұмыс жасайтын үлкен жоба.

Айта кетейік, Мәжіліс Төрағасы сапар барысында атом электр стансаларына арналған жылу бөлгіш құрастырмалар өндіретін «Үлбі ТВС» ЖШС мен «Алтай» көтерме-тарату орталығына барды.