$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«AMANAT» партиясының депутаттары Атыраудағы электр станциясының жұмысымен танысты

09.07.2025ж. 20:00
64
«AMANAT» партиясының депутаттары Атыраудағы электр станциясының жұмысымен танысты

Атыраудағы арнайы экономикалық аймақ аумағынан  шағын және орта кәсіп иелері бірнеше жылдан бері өндіріс орындарын аша алмай отыр. Өйткені мұнда электр қуаты жетіспейді. «AMANAT» партиясының депутаттары экономикалық аймақты энергиямен қамтитын «Karabatan Utility Solutions» компаниясы басшылығына  электр қуатын арттыру жұмыстарын жеделдетуді ұсынды. Мәжілісмендердің айуынша, газ-химия өнімдерін  шығаратын  12 жобадан ұсыныс түскен. Ол өндіріс үшін 20 мегаватт электр энергиясы қажет. Қомақты қаражатты қажет етпейтін  жұмыстың жылдар бойы кейінге шегеріліп келе жатқаны түсініксіз,- дейді депутаттар.  Айта кетейік, мұндағы Электр станция 310 мегаватт электр қуатын өндіреді. Оның 50 мегаватты арнайы экономикалық аймақтағы өндірістерге таратылған. Қалғанын  бірыңғай сатып алушы оператор  таратады.

ӘДІЛ ЖҰБАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біріншіден, Энергетика минстрлігінің  жұмысының төмендігі деп есептеймін. Себебі қазірдің өзінде осы жерде 20 мегаваттқа сұраныс бар.  12 жоба. Небәрі бағасы 1,1 млр теңге,- дейді. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сонша үлкен қаражат па еді?  Міне, осындай мәселені бірнеше жылдан бері көтеріліп, кәсіпкерлеріміз көтеріп жүр. Қазірдің өзінде СЭЗ басшысымен де сөйлесіп, ақылдасып, хат жазатын болып, Энергетика министрлігін алдына осы мәселені төтесінен қоямыз деп қазір шешім қабылдап отырмыз.