$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жамбыл облысы Байзақ ауданында мәдениет үйі ашылды

AstanaTV
09.07.2025ж. 20:00
147
Жамбыл облысы Байзақ ауданында мәдениет үйі ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында мәдениет үйі ашылды. 120 орындық рухани ошақ «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтерген. Заманауи үлгіде салынған мәдениет үйі ауыл жастары мен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, өнерін ұштауына жол ашады деп қуанып отыр. Жобаның жалпы құны – 266,9 млн теңгені құраған. 4 үйірме жұмыс істейді, 6 қызметкер еңбек етеді.

ФАРИДА ЖҮНІСОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«AMANAT» партиясының халықпен бірге сайлауалды бағдарламасы 2023-27 жылғы бағдарлама бойынша ашылып отыр. Бұл мәдениет үйінің келер ұрпаққа қазіргі жастарға деген тәрбиелік мәні өте зор деп ойлаймын.

ӘУЕЗХАН БАЙГЕНОВ, МЫРЗАТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерде әр түрлі үйірмелер болайын деп тұр. Өнерлі жастарға жол ашық. Қысылып қымтырылып келді, анау әкімшіліктің бөлмелерінде. Енді мінекей ауылымызда мәдениет үйі ашылып тұр. Біз өте қуаныштымыз. Бұл енді жастардың келешегіғой солар үшін ашылып отырған дүние деп есептеймін.