$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай 442 маман марапатталды

AstanaTV
09.07.2025ж. 18:21
108
Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай 442 маман марапатталды

Астанада Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай су саласының мамандарына мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстау рәсімі өтті. Су саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құттықтады.

Биыл еліміз бойынша ордендермен, медальдармен, төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен су саласының 442 маманы марапатталды. Оның ішінде 55 адам – мемлекеттік наградамен, 97 маман – «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, 24 қызметкер – «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Бұған қоса, 177 маман Құрмет грамотасына, 89 маман Алғыс хатқа ие болды.
 

«Министрлік су саласы мамандарының мәртебесін арттыру мен еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді.«Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, су саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 35-50%-ға өседі. «Қазсушар» мекемесінің маусымдық жұмысшылары тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп жатыр. Сонымен қатар мамандардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде шетелде оқытуға да баса назар аударылып отыр. Қабылданған осы және өзге де шаралар еліміздің су қауіпсіздігіне жауапты мамандардың мәртебесін арттыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді»,


– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.