$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Астана әуе базасында әскери қызметші жарақат алды

AstanaTV
10.07.2025ж. 07:24
127
Астана әуе базасында әскери қызметші жарақат алды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Елордадағы әскери авиабаза аумағында қару қолдану кезінде қауіпсіздік шарасының сақталмауы салдарынан әскери қызметші жарақат алды, – деп жазды KAZINFORM

Әуе қорғанысы күштерінің мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметші дереу елорда ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

- Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр,- делінген хабарламада.