$520.93 €609.07 ₽6.68
×

"Бес" деген баға беруге болады", - бас бапкер

AstanaTV
10.07.2025ж. 21:39
273
"Бес" деген баға беруге болады", - бас бапкер

30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан Әлем кубогының кезеңі өтті. Бұл турнирге 30 елден келген 300-ден астам боксшы қатысты. Олар 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен жарыста көш бастап, жалпы саны сегіз алтын медальға ие болды.
 

"Жалпы нәтиже жақсы. "Бес" деген баға беруге болады. Егер тағы екі жігіт жеңіске жеткенде – "беске плюс" болушы еді. Көңілім тоқ, дегенмен бір-екі салмақ дәрежесі бойынша сұрақтар бар. Оларға келесі турнирлерде жауап табамыз деп ойлаймын.

Кей жігіттер жарақатына қарамастан жеңіске жете білді. Ал алтын алғандар міндетті түрде Ливерпульдегі Әлем чемпионатына барады. Сонымен қатар 70 келіде Төрехан Сабырхан да бақ сынайтын болады. Қалғандар жаттығу жекпе-жектері мен алдағы жиындар қорытындысы бойынша анықталады”, – деп түйіндеді ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.