Ал Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі әйелді қағып кетіп, жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға Петропавл-Жезқазған тас жолында Бескөл ауылының маңайында болған. Түнгі уақытта DAF көлігі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатып, жолға кенеттен шыққан келіншекке соғып кеткен. 33 жастағы жаяу жүргінші бағдаршамның қызыл түсіне өткен көрінеді. Апаттың салдарынан кеуде қуысы езіліп кеткендіктен 33 жастағы жәбірленуші сол жерде бірден жан тапсырды. Сараптама нәтижесі оның мас күйінде болғанын анықтады. Қазір полицейлер іс қозғап, тергеу жұмыстарын қолға алды.