$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сүйіктісін өлтіріп, қорлаған жігіт 22 жылға сотталды

Сүйіктісін өлтіріп, қорлаған жігіт 22 жылға сотталды

Шымкентте сүйіктісін өлтіргенімен қоймай, мәйітін қорлаған жас жігіт сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 19 жастағы сотталушыға 22 жылға жаза тағайындады. Кәмелет жасына толмаған сүйіктісі қарамай кеткені үшін оны пышақтап,  денесін қапқа салып тастап кеткен ауыр қылмыс наурыз айында болған. Көлік айдап үйретемін деген сылтаумен қала сыртына шығарған бойжеткенді өлтіргесін денесін қорлаған жігіт мәйіттен құтылу үшін өзінің досын көмекке шақырған болатын. Сот барысында олардың қылмысы дәлелденді. Судья жантүршігерлік қылмысты жасыруға көмектескен танысына 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Рақымшылық актісін қолдана отырып, оның бас бостандығын шектеу жазасын 1 жыл 4 айға дейін қысқартты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.