"Көшеде ер адам жалаңаш жүр". Астанадағы ботаникалық бақтың маңында азамат киімсіз қыдырған. Оның суреттері әлеуметтік желіде желдей есті. Ішімдікке сылқия тойған жігітті қала тұрғыны ұстап, полицияға тапсырған.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
25 жастағы ер адам ұсталды. Ол мас күйінде көшеге киімсіз шыққан. Бұл қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып саналады. Аталған құқықбұзушылыққа қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.