Қызылордада 2 адам конго қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Қазір аураханада ем алуда. Санитар мамандардың айтуынша, жыл басынан бері 12 күдікті жағдай тіркеліп, оның 8-і нақтыланған. Анықтай келе, олардың көпшілігі далалық жұмыспен айналысатыны белгілі болған. Жалпы аймақта 111 елдімекен қолайсыз аумақ ретінде бақылауға алынған. Көктем мен күзде оларда кенеге қарсы өңдеу шаралары тұрақты жүргізіліп тұрады дейді мамандар. Бірақ жәндік шаққан кезде дәрігерден кеңес алу маңызды екенін айтады.
МИРА БОРАНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Үстінеде кенені қолымен жұлып тастай салады. Дер кезінде медициналық көмекке қаралмайды. Сол себептен кейде ауырғаннан кейін барып дәрігерге қаралып жатыр. Негізі кене шаққаннан кейін әрбір адам келіп, медициналық пунктерге қаралып, 14 күннің ішінде оларға медициналық бақылау жүргізілуі керек.