$520.93 €609.07 ₽6.68
×

"Жалақы кешігіп, банктердің қара тізіміне кірдік", - тұрғын

AstanaTV
10.07.2025ж. 20:00
106
"Жалақы кешігіп, банктердің қара тізіміне кірдік", - тұрғын

Жамбылда жұмысшы жылында жұмысшылар шу шығарды. Жуалы ауданының халқын, ауыз сумен қамтып отырған «Жуалы су» мемекемесің қызметкерлері жұмысқа шығуға құлықсыз. Себебі, жылда жалақының жырын айтып шаршаған. Ай сайын кешігіп берілетін айлықтың кесірінен қарызға батып, банктерге қара тізімге кіріп кеттік дейді. Ол аздай басшылық білгенін істеп, қосымша жұмыстарға жегіп шөп шаптыратын көрінеді.  Көп нәрсеге көніп келген көпшілік, шыдамдары таусылып жаппай аудан әкімдігінің алдына жиналды.

Жиналған жұмысшылар Жуалы ауданы шенеуніктерінің немқұрайлығынан шаршап, телеарна шақыруға тура келген. Себебі, жергілікті билік бізді тыңдамайды деп отыр. Осылайша олар «Жуалы су» мекемесінің былығын жайып салды. Жалақының жиі кешігетіндігін айтып, қызметтік киімді көрмегелі көп болған. Ол аздай апта сайын шөп орғызып, арық атыздарды тазалатып қояды екен. Оның үстіне қызметкерлер санында қысқартып тастапты.

ҚАЖЫМҒАЛИ СҰЛТАШЕВ, ЖУАЛЫ СУ МЕКЕМЕСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ:

Не үшін қысқартты, айлық не үшін берілмей жатыр. Аудан әкіміне екі рет қабылдауына жазылдым, қабылдамады. Бұлар сантехниктің да жұмысын істейді. Контролердңда жұмысын істейді. Сменнен шыққан сайын жігіттердің барлығы барып шөп орады. Вобщем разнарабочи.

БЕКЕН ҚОЖАХМЕТОВ, ЖУАЛЫ СУ МЕКЕМЕСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ:

Қазір барғой айтып отырмынғой, айлық кешігіп жатыр біріншіден. Ешқандай форма, ешқандай не болып жатқан жоқ. Тегі осындай айлық алатын кезде постоянно айқай шу, айқай шу.

Әкімдік алдына жиналған алпыстан аса адамды әкімнің орынбасары акт залына алып шақырып, мәселерін тыңдамақ болды. Түк шықпады. Әлеуметтік төлемдердің де дер кезінде түспейтінін айтып шуласты. Тіпті, кезекті демасқа шықса да ақшасы әлі берілмеген. 

МАҚСАТ ИБРАГИМОВ, ЖУАЛЫ СУ МЕКЕМЕСІНІҢ САНТЕХНИГІ:

Сақтандыру несі төйленбеген сіздерде дейді. Ләж жоқ ауырып қалғаннан кейін өзіміз қалтамыздан төйлейміз. Зейнет ақы жоқ. Зейнет ақымыз, былтыр мен көктемде тексерткем. 3-4 айым түспеген. Кейін бухгалтерге айтып зорға түсіргіздім. Каз тағы тексерсем тағы сондай. Отпусканың уақытысы бітетін болды уже, ал ақшасы әлі жоқ.

Акт залына аудан әкімі келмеген соң жиналғандар қайта сыртқа шықты. Сөйтіп аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысын тыңдады. Мардымды жауап ала алмады. Айтылған уәждің барын бөлім басшысы мойындады. Бірақ барлық мәселені аудан әкімі шешетінін жасырмады.

ҚАЙРАТ ЖАТҚАНБАЕВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Кешігеді, кешігеді ондай мамантер болады аха. Штатный расписаняда бізде кішкене проблема болып тұр. Қаржыландыру мәселесіне тереледі бәрі. 4 оператор болған одан кейін біз оны қысқарттық. Енді арасында операторларды сұраймыз. Шөп шабады дегендей мамантер болады енді. Аудан әкімі біледіғой оның бәрін.

Енді басшылық елдің еңбак ақысын уақытылы беріп, мамандардың мәселесін шешпесе, жұмысшылар жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Бұл мемеке жергілікті бюжет есебінен қаржыландырылады. Атқа мінерлердің айтуынша ауданда қаржылық қиындық туындап жатыр екен. Сондықтан бұл жағдайға облыс әкімі араласпаса бүтін бір аудан жұрты ауыз сусыз қалатын түрі бар.