$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«AMANAT» партиясының депутаттары қарияларға қамқорлық көрсететін мекемеде болды

«AMANAT» партиясының депутаттары қарияларға қамқорлық көрсететін мекемеде болды

Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Елдегі үшінші мегаполисте 95 мыңдай зейнеткер бар. Олардың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығына көңіл бөлуіне барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүгін Шымкентте жұмыс сапарымен жүрген «AMANAT» фракциясының мүшесі

Данабек Исабек осылай деді. Мәжілісмен «Ізетті зейнеткер» шипажайында болып, орталықта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қариялармен кездесіп, хал-жағдайын сұрады. Аталған мекеме «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында құрылған. 2023 жылдың  қарашасынан жұмысын бастаған мекеме - зейнет жасындағы азаматтарға қысқа мерзімде демалу және ем алу мүмкіндігін ұсынатын арнайы орталық. Мекемеде демалушылар медициналық және әлеуметтік қызметпен толық қамтылған. Алғашында 70 орынға есептелген бұл мекеме бүгінде тиісті басқарманың жолдамасымен бір мезетте 120 зейнеткерді қабылдауда. Мекеменің жұмысымен жан-жақты танысқан депутат қызмет сапасына оң бағасын берді. Жылына 3,5 мың адам қабылдайтын орталықта дәл қазір 28 мың адам кезекте тұрғаны белгілі болды. Сондықтан қариялар мұндай мекемелердің мегаполисте көбірек ашылғанын құп көруде.

ДАНАБЕК ИСАБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

95 мың қарт адамдарымыз бар. Жылына тек қана бұл жердің мүмкіндігі 3,5 мың ғана адам қабылдай аламыз деп жатыр. Жылына бұл жерге 300 млн қаражат бөлінеді екен. Енді бұл да жүктеме бюджетімізге. Бірақ әлі де алдағы уақытта бұны қарастырып, мен де өзім ұсыныс берем. Бюджет егер дұрыс болып жатса әрине бір емес, 3-4 жерден ашқан жөн болар деп ойлаймын.