$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Финляндия павильоны балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады

AstanaTV
27.07.2017ж. 20:00
2181
Финляндия павильоны балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады

Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесіндегі Финляндия павильоны да балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Павильонға кіре берісте орнатылған хан сарайы балалардың ұшқыр қиялынан шыққан тамаша туындылармен безендіріліп, бір сәтке жас суретшілер алаңына айналған. Ал, ата-аналар болса, өз балаларының жетістіктерін суретке түсірумен болды. Мұндағы басты мақсат - балалардың мейрімділігі мен бейкүнә сезімдерін барша келушілерге паш ету болатын,- дейді ұйымдастырушылар.

Пиркко Аутио, EXPO-2017 Финляндия павильонының қызметкері:

Біз балаларға барынша қызықты бағдарлама жасауға тырыстық. Мына сарайшықта өз суретіңізді салып, немесе хан және ханшайым келбетінде суретке түсуге болады. Ал, өнерлі балалар тіпті ән салып немесе би билеп беруіне рұқсат. Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлау біздің басты мақсатымыз болды.