$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«AMANAT» партиясының белсенділері жағажайды қоқыстан тазартты

10.07.2025ж. 20:00
296
«AMANAT» партиясының белсенділері жағажайды қоқыстан тазартты

«AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын қолға алып, аталған бастаманы дәстүрлі түрде аптаның бейсенбі күндері өткізіп келеді. Аталған акцияның негізгі мақсаты – тазалықты бір реттік шара ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру және жастарға өнеге көрсету. Науқан аясында «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен Абай ауылындағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акция барысында қатысушылар аллея аумағын бей-берекет өскен шөптерден тазартты. Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан жауынгерлерге арнап орнатылған ескерткіш маңын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын атқарды.

ЕРЛАН АХМЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұйымдастыруымен, сол кісінің бастамасымен «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл ұйымдастыруға «Жастар рухы» жастар қанаты барлығымыз белсене атсалысып, осы таза бейсенбілікті өткізудеміз. Біз тек қана бүгін ғана емес, әр апта, әр бейсенбі өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ал Қарағандыда «AMANAT» партиясының белсенділері Топар жағажайынан 6 тонна қоқыс шығарды. «Жасыл Ел» жастары мен партия мүшелері, сондай-ақ «Жастар Альянсы» халықты экологияны сақтауға шақырған болатын. Тазалық акциясын халық көп жүретін жағажайдан бастады. Күн ысысымен осы ШерубайНұра суқоймасы қоқысқа толады. Шыны, пакет, бөтелке, тағам қылдықтарын аптасына екі рет жинауға тура келеді.

БЕКМҰРАТ АҒЗАМОВ, АБАЙ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ацияға Абай аудандық мәслихатының депутаттары әкімдікпен бірлесе қатысып отыр. Жастар, Топар ауылының тұрғындары да келді. Аптасына екі рет келіп тазалаймыз. Әрине, егер халық қоғамдық тәртіпті сақтаса бұлай жиі жинамас едік. Сондықтан тұрғындарды тазалық сақтауға шақырамыз.