$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жамбыл жедел-жәрдем қызметкеріне оқ атты

AstanaTV
10.07.2025ж. 20:00
322
Жамбыл жедел-жәрдем қызметкеріне оқ атты

Жамбыл жедел-жәрдем қызметкерін шолақ мылтықпен атты. Қылмыстық оқиға Байзақ ауданында орын алған. Оққа ұшқан фельдшер науқасты емдеп, аурухана алдына келген бойда болған. бырой болғанда жүрек тұсқа тиген оқтан фельдшер аман қалды. 2 рет операция жасалды. Бүгін дәрігерлер палатаға шығарды. Куәгерлердің сөзінше оқиға түнгі 3-тер шамасында болған көрінеді. Бұзақылар әуелі аурухана алдында шу шығарыпты. Кейін кезекшілікте болған фельдшер басу айтып, аурухана маңынан алыс кетуін өтінген. Сөйтіп еш алаңсыз кезекті шақыртуға барып келген. Бірақ келген бойда әлгі азаматтар фельдшерді қарумен қарсы алып, оқ атқан.

СЕРЖАН НАЗАРБЕК, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Хирургтардың ақпараты бойынша ешқандай өміріне қауіп төнетін жағдай жоқ. Жағдайы тұрақты. Қылмыстық әрекеттер біздің медициналық қызметкерлерде орын алып тұрады. Біз қызметкерімізді тұтастай қолдаймыз. Біз ол кісімен біргеміз.