$520.93 €609.07 ₽6.68
×

АҚШ Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеді

AstanaTV
11.07.2025ж. 12:06
127
АҚШ Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеді
Фото: istockphoto.com

АҚШ Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік орнату бағытындағы күш-жігерді қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Ол өз сөзінде Әбу-Дабиде өткен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян арасындағы кездесуге қатысты пікір білдірді. 

«Біз Оңтүстік Кавказда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдаймыз. Вашингтон бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттарды жіті бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта бізде бұл мәселеге қатысты қосымша мәлімет жоқ», – деді Тэмми Брюс.

Тэмми Брюс сөз арасында АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің ұстанымына да тоқталды.

«Президент Трамп пен мемлекеттік хатшы Марко Рубионың ұстанымы айқын. Жуырда өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының айтқандары бұл әкімшіліктің бейбітшілікті қолдайтынын нақты көрсетті», – деп толықтырды мемлекеттік департамент өкілі.

АҚШ тарапынан білдірілген бұл мәлімдеме – Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілік орнату жолындағы халықаралық қолдаудың бір көрінісі. Әзербайжан мен Армения арасындағы диалогты жалғастыру аймақтағы ұзақмерзімді тұрақтылыққа жол ашады.